ТКШ

Қала көшелері жарықтандырылуда

Берекедегі Теплые кусты көшесі. Аталған аудан облыс орталығынан тыс жатқан жеке ауыл іспеттес. 63 жылы мұнда Оңтүстік-Орал темір жолының бөлімшесі ашылып, қызметкерлер үшін үйлер салыныпты. Бірақ, мамандарға жайлы жағдай толығымен жасалмаған екен. Ағымдағы жылға дейін көше жарықтандырылмаған. Түндегі тас қараңғыдан ұры-қарылар қаптап, мал-мүлікке қол сұғыпты. Баукеспелерден Раиса Казарезова да бірнеше рет жапа шеккен.

РАИСА КАЗАРЕЗОВА, қала тұрғыны:
– Қарақшылар шеттегі үйлерге түсетін. Түрлі құрал-жабдықтарды, бау-бақшадағы жеміс-жидек пен көкөністерді ұрлайтын. Көліктерді айдап әкеткен кездері де болды.

Жергілікті ағайынды алаңдатқан мәселе биыл шешімін тапты. Жақында көше толығымен жарықтандырылды.

РАИСА КАЗАРЕЗОВА, қала тұрғыны:
– Өткен жылы тұрғындармен келісіп, әкімдікке көшені жарықтандыру бойынша хат жаздық. Өтінішіміз қабылданып, жұмыс жоспарына қосылды. Кейіннен жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Қай жерге шам ілу керектігін ақылдасып шештік. Шаруа шілде айында аяқталды. Ал жарық осыдан 2-3 күн бұрын қосылды.

Теплые кусты көшесіне барлығы – 11 жарықшам орнатылды. Жалпы, айта кетейік, биыл қаланы жарықтандыру бағытында ауқымды шаруа атқарылыпты.

ӘСЕМ АЙТУЛОВА, қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы:
– Биыл бізде 30 мекенжай бойынша 95 жарықшам орнатылды. Олардың барлығы электродиотты, яғни, энергияны үнемдейтін. Жалпы, көшені жарықтандыру үшін тұрғындар қалалық әкімдікке жүгіне алады. Ол үшін 128-ші кабинетке келіп, өтініш жазу керек.

Қаланы жарықтандыру жұмыстары биылдыққа тәмам. Шаруа келер жылы тұрғындардың өтініштері бойынша атқарыла бастайды.

Алдияр Айтпаев