Қоғам

«Әйелдер көшбасшылығы мектебі» курсы аяқталды

Бүгін «Әйелдер көшбасшылығы мектебі» курсын аяқтаған түлектердің кеші өтті. Нәзікжандылар бір апта бойы әйелдер көшбасшылығы негіздері және саясаттағы, әлеуметтік өмірдегі гендерлік мәселелер мен жеке бренд негіздері бойынша оқытудан өтті. Дәріс сабақтарына барлығы – 15 қыз-келіншек қатысты. Өздері – түрлі саланың мамандары. Шара соңында түлектерге «Әйелдер көшбасшылығы мектебі» курсын сәтті аяқтағаны үшін сертификаттар табыс етілді. Айта кетейік, бұл мектеп әйелдерге өзін жаңа салада байқап көруге 8 жылдан астам уақыт бойы септесіп келеді.

ГҮЛБАҚША МҰСАБАЕВА, қоғам белсендісі:
– Мектептің ең басты мақсаты – әйелді ораторлық өнер, өзінің психологиясына байланысты адамдармен қалай сөйлесу керек, эмоционалдық интеллект, болашақта депутат болғысы келсе оның саяси саяси бағдарламасы, сонымен қатар, әйелдің денсаулығына байланысты да кездесулер болды. Тренинг 30 пайыз теориялық, 80 пайызы практикалық негізде өтті. Түрлы тапсырмалар мен ойындар ойнатылды.

ЗУЛЬФИЯ ТУХВАТУЛЛИНА,:
– Бір апталық курстың берері мол. Түрлі жобалар туралы білдім. Әсіресе, ауылды жерлерде жүзеге асыруға болатын бағдарламалар жететін. Алдағы уақытта осы бастамалардың бірін қолға аламын деп ойлаймын.

Самал Жунусова