Білім Билік

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске асырылады

Қазақстанда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске асырылады! Үкімет үйінде өткен кеңес барысында еліміздің Премьер-Министрі тың бастаманы қолға алуды тапсырды. Өз сөзінде Әлихан Смайылов Мемлекет басшысы реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының негізгі тәсілдерін мақұлдағанын, оның шеңберінде 800 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы мектептер салу жоспарланғанын еске салды. Салада бірқатар қиындықтар бар. Мысалы, өңірлердегі 143 білім ұясының жер учаскелерін анықтау бойынша мәселелер шешілмеген. Бұл жұмысты барынша тездету қажет, деді Әлихан Смайылов. Сондай-ақ, ол оқу процесін цифрландыруды тездету қажеттігін атап өтті.


ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ, ҚР Премьер-Министрі:
– Осыған байланысты оқулықтарды цифрлық форматқа көшіруді жеделдету және балаларды ауыр сөмкелерден арылту қажет. Сондай-ақ, әкімдіктермен бірлесіп, оқушыларды планшеттермен қамтамасыз ету мәселесін шешуді қолға алу керек. Атап айтқанда, “Қазақстан халқына” қорымен бірлесіп, оларды ауылдық мектептердің балалары үшін сатып алу мүмкіндігін пысықтау керек.

Байболат Култанов