Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығын несиелендіру

Соңғы 3 жылда еліміздің ауыл шаруашылығын несиелендіру 56,1 пайызға немесе 140,7 млрд теңгеге артты, деп хабарлайды LS ақпараттық порталы. Ұлттық банк ұсынған дерекке сүйенсек, ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында 391,4 млрд көлемінде займ рәсімделген. Ал 2019-дың сәйкес мерзімінде 250,7 млрд қарыз алынған. Кредиттің негізгі бөлігі, нақтырақ айтсақ, 388,9 млрд теңге төл валютамен беріліпті. Енді өңірлер бойынша жарияланған ақпарға тоқталайық. Банктерден ең көп несие алған – алматылықтар. Одан кейін қостанайлық шаруалар тұр. Ақмолалық кәсіпкерлер үшінші сатыға жайғасса, солтүстікқазақстандықтар – төртінші орында. Жерлестеріміз банктерден 21,3 млрд теңге алыпты. Ал көш соңында – маңғыстаулық іскер жандар.

Байболат Култанов