Ауыл шаруашылығы

Аграрийдің таңдауы – “Claas” техникасы

Шал ақын ауданындағы «Асыл Логистикс» серіктестігі 2018 жылы құрылған. Агроқұрылым қызметкерлері алқапқа дән де сіңіреді, жайылымда мал да жаяды. Егістік жерінің көлемі 60 мың гектардан асып жығылады. Өнімдеріне сырттан да сұраныс бар. Мысалы, майлы дақылдардың түрлерін сонау Польша мен Беларусьтегі май өңдеу зауыттарына сатады. Астықты шашау шығармай жинау үшін тегеурінді техника қажет. Қазір серіктестікте “Claas” компаниясының 100 бірлік техникасы бар. Олардың 30-дан астамы Кривощеково ауылының маңындағы паркте тұр.

САМАТ МҰҚАТАЕВ, «Асыл Логистикс» ЖШС инженері, Шал ақын ауданы:
– Бізде “Claas” маркалы 33 комбайн бар. Олар өте тегеурінді. Алқаптарда өздерін тек жақсы қырларынан көрсетеді. Оның үстіне Петропавлда жиналғандықтан, қолжетімді. Механизаторларымыз техникаға жауапкершілікпен қарайды.

“Дегенмен, техника кейде қатардан шығып қалуы да мүмкін”-, дейді Самат Мұқатаев. Ондай кезде арнайы сервистік ұйымның мамандары көмекке келеді.

САМАТ МҰҚАТАЕВ, «Асыл Логистикс» ЖШС инженері, Шал ақын ауданы:
– Сервитістік қызметте білікті мамандар жұмыс істейді. Қандай да бір қиындық туындаса бірден көмекке келеді. Техниканың әр ақауын бірге қарап, талқылаймыз. Мәселені уақытылы шешуге тырысамыз.

Сервистік орталықтың тағы бір артықшылығы – бөлшектің үнемі қоймада болуы. Жай да уақыт тапшы көктем-күзде қажетті дүниені іздеудің, жан-жаққа қоңырау шалудың қажеті жоқ. Ұйым қызметкерлері әкеліп, орнатып береді. “Асыл Логистикс” серіктестігі өндірісті кеңейтуді жоспарлап отыр. Ағымдағы жылы агроқұрылым Сухорабовка және Афанасьевка ауылдарында сыйымдылығы 90 мың тонна болатын астық қоймаларын салып, пайдалануға беріпті.

Самал Жунусова