ТЖ

Жатақханалар тексеріліп жатыр

Интернационал көшесі, 21 мекенжайындағы жатақхана. Осыдан бір жарым жыл бұрын бұл үйде жарылыс болды. Салдарынан адам өлімі тіркелді. Оқыс оқиғаның орын алуына бір ғана газ баллоны себеп болды. Тұрғындар өткеннен қаншалықты сабақ алды? Мұны білу үшін бүгін төтенше жағдайлар департаментінің мамандары аталған мекенжайға келді.

Бірінші болып мамандар Екатерина Горенкованың шаңырағына бас сұқты. Нәзікжанды ас әзірлеу үшін электр плитасын қолданады. Себебі, тұрмыстық істе баз баллонын пайдалану қаншалықты қауіпті екендігін жақсы біледі екен.

ЕКАТЕРИНА ГОРЕНКОВА, қала тұрғыны:
– Үйімізде орын алған оқыс оқиғадан кейін көршілерді толық аралап шықтым. Көбі тамақты электр плитасының көмегімен әзірлейді. Газ баллонын бір ғана көршіміз қолданатын болып шықты. Бірақ, бүгінде ол да өзіне тұрмыстық техника сатып алған.

Есік қаққан мамандарға бірі ашса, енді бірі үнсіз қалып жатты. Бәлкім, тұрғындар жұмыста болар немесе тексерушілермен тілдескісі келмеген шығар.
Қанша дегенмен білген абзал, әр заңбұзушылыққа қатысты жауапкершілік қарастырылған.

ЖАНАЙДАР СҰЛТАНОВ, қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің әдіскері:
– Екі қабаттан жоғары үйлерде газ баллонын қолдануға болмайды. Инспекция шағым түскен жағдайда ғана тексеріс жүргізе алады. Заңбұзушылыққа айыппұл салынады. Бірінші рет 7 АЕК көлемінде, ал жағдай қайталанса 10 АЕК көлеміне дейін жаза қарастырылған.

Жалпы, “Жатақхана” акциясын құтқарушылар өткен аптада бастаған. Бүгінгі күнге дейін 56 тұрғынжайдың алтауы тексеріліпті. Әзірге, ешқандай құқықбұзушылық анықталмаған.

ДАРХАН СМАҒҰЛОВ, қалалық ТЖБ бас маманы:
– Іс-шараның мақсаты – азаматтардың өрт қауіпсіздігі ережелерін ұстануын қадағалау. Рейд арқылы біз тұрғындарды тиісті талаптардан құлағдар етеміз. Қанша ескерту жасасақ та мұндай жағдайлар қайталанып тұрады.

Енді ел көлеміндегі статистикаға тоқталайық. Соңғы жылдары Қазақстандағы жатақханаларда 13 өрт оқиғасы болып, салдарынан 4 адам қаза тапты. Оқыс оқиғаның орын алуына газ баллоны себеп болған.

Алдияр Айтпаев