Қоғам

Қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығы бастау алды

Қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығының бастау алуына орай Ақан сері атындағы облыстық филармонияда мерекелік концерт өтті. Салтанатты жиында қала әкімі Руслан Аңбаев аға буын өкілдерін мерекелерімен құттықтады.

РУСЛАН АҢБАЕВ, Петропавл қаласының әкімі:
– Құрметті аға ұрпақ ардагерлеріміз! Сіздерді бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Сіздер жастарды Отанымызға адал қызмет етуге, еңбекқор болуға үйретіп келесіздер. Еліміздің бүгінгі жетістіктері – сіздердің көпжылдық еңбектеріңіздің жемісі. Сіздерге Отанымыздың дамуына қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіремін.

Салтанатты атмосферада облыс орталығының дамуы үшін қажырлы еңбек еткендер қала әкімінің марапатына ие болды. Араларында Рауза Сартаева да бар. Зейнеткердің құрметті демалысқа шыққанына 10 жылдай болып қалыпты. Нәзікжанды қаржы саласында 40 жыл бойы жұмыс істеген.

РАУЗА САРТАЕВА, зейнеткер:
– Мен 18-ге толмай қаржы бөлімінде істедім. Кейін қаржылық бақылау деген бөлім болды, сонда бірінші орынбасар қызметін атқардым.

Облыс орталығында 43 мың қарт адам тұрады. Марапаттау рәсімінен кейін солтүстіктің таланттылары жиналған қауымға өз өнерлерін паш етті.

Самал Жунусова