Құқық қорғау органдары

Интернет-алаяқтық жасаған бұрынғы банк қызметкері сотталды

Петропавлдық азаматшаның 8 жарым млн теңгесін қалталарына басқан интернет-алаяқтар қазіргі уақытта жазасын өтеп жатыр. 25 пен 30 жастағы алматылықтар арам ойларын өткен жылдың тамыз айында іске асырған. Олар облыс орталығының тұрғынына хабарласып, өздерін банк қызметкері ретінде таныстырыпты. Кейін нәзікжандының сеніміне кіріп 5 банктен несие рәсімдетіп, қомақты қаражатты өз шоттарына аудартқан. Жедел-іздестіру шарасының нәтижесінде ұсталған екеудің бірі бұрынғы банк қызметкері болып шықты. Сот шешімі бойынша ол – 4 жылға, ал оның сыбайласы 3 жарым жылға бас бостандығынан айырылды.

Алдияр Айтпаев