Билік

Реформалар жөніндегі Жоғары кеңестің отырысы өтті

Қыркүйектің 28-і Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен реформалар жөніндегі Жоғары кеңестің кезекті отырысы өтті. Алқалы жиын ұлттық жобаларды әзірлеуге қатысты мәселелерді талқылаудан басталды. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов «Жайлы мектеп» жобасы бойынша баяндама жасады. Жоба мектептердегі орын тапшылығы мәселесін жүйелі түрде шешіп, 800 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы білім ұяларын салуға мүмкіндік береді. Жаңа мектептерде кабинеттер мен зертханалар толықтай жабдықталмақ. 1 мен 4-сынып және 5-11 сынып оқушылары үшін дербес блок болады. Спорт залдарының саны оқушы санына қарай есептелмек. Әр мектепте қыздар мен ұлдарды еңбекке баулуға арналған әмбебап шеберханалар мен студиялар қарастырылады. Жаңашылдықтар балаларымыздың дағдылары мен қабілеттерін жан-жақты дамытуға бағытталған.

Алтынай Казиканова