Денсаулық сақтау

Кәдімгі кариес адам өмірін жалмай жаздады

Кариестің салдарынан 47 жастағы М.Жұмабаев ауданының тұрғыны ажал құша жаздады. Белгілі болғандай, науқастың жағы ісіп кеткен. Азамат бірден дәрігерге жүгінбей, 5 күн бойы өздігінен емделмекші болыпты. Бұл жағдайды одан әрі ушықтырған. Ақыр аяғында хәлі нашарлап, жансақтау бөлімінен бірақ шықты. Аудан тұрғынының көрер жарығы бар екен. 1 ай бойы ақхалаттылардың бақылауында болып, айығып шықты.

ЕРНАЗАР ӘДІЛШИН, қалалық көпбейінді жедел жәрдем ауруханасы жақ-бет хирургия бөлімшесінің меңгерушісі:
– Науқасқа шұғыл ем-дом шаралары жүргізілді. Айта кетсек, ауыз қуысындағы флегмон ашылды. Мұндай қадамға ісіктің мойынға дейін жайылғандығынан бардық. Бұдан кейін қосымша зерттеу жүргізіліп, науқасқа медиастинит деген диагноз қойылды. Бұл пациенттің өміріне қауіп төніп тұр дегенді білдіреді. Осы жылы қыркүйек айында қалада кариестің асқынып кету салдарынан 2 адам өлімі болды.

Алтынай Казиканова