Құқық қорғау органдары

Биыл СҚО-да террорлық әрекет туралы жалған хабар берген 3 адам сотталды

Ашу мен арақ қылмысқа итермелеген. 39 жастағы Петропавл тұрғыны әйелімен ұрсысып қалып, мас күйінде “102”-ге қоңырау шалады. Ер адам полиция қызметкерлеріне “Заводская көшесіндегі үйлердің бірінің подъезінде тұрмын, өзіммен бірге бомба бар”,- деген. Ақыры соңында ешқандай да жарылғыш зат табылған жоқ. Ал еріккен қала тұрғыны 1 жылға бос бостандығынан айырылыпты. Жалпы, бұндай әрекет үшін ҚР ҚК 273-ші бабына сәйкес 5 АЕК-ке дейін айыппұл салынады немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Жыл басынан бері облыста террорлық әрекет туралы көрінеу жалған ақпарат берудің 7 фактісі тіркелді. 3 адам сотталды.

Данаш Хамзина