Құқық қорғау органдары

Полиция қызметкерлері бағалы шаянды заңсыз аулаудың жолын кесті

Жамбыл ауданының полиция қызметкерлері Artemia salina шаяндарын заңсыз аулаудың жолын кесті. «Астық» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында мобильдік топ үш көлікті тоқтатады. Оқиға Сенжарка ауылы маңындағы тұзды көлдің жанында болған.

– Талгат, нахожусь вблизи села Сенжарка… на солёном озере. Да, добывают «артемия». Опергуппу сюда.

Аталған шаян өте пайдалы болып келеді. Мәселен, фармацевтика және косметология саласында қолданылады екен. Ақыры жүк көлігінен Artemia salina шаяндарының цисталары бар болуы мүмкін құм салынған 40 қап анықталды. Ал жол талғамайтын жеңіл көліктен тағы 10 қабы шыққан. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабының 3-бөлігі «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу» бойынша тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

МАРАТ МАЛҒАЖДАРОВ, СҚО ПД ЖПҚБ табиғатты қорғау полициясы тобының инспекторы:

– Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қажетті сараптамаларды өткізгеннен кейін өңірдің табиғатына келтірілген шығын көлемі белгілі болады. Әдетте шаяндарды заңсыз аулау кезінде шығын көлемі миллиондаған теңгені құрайды.
Жалпы, жыл басынан бері облыста бағалы шаянды заңсыз аулаған 9 тұрғын ұсталды.

Гульден Симбаева