Билік

Облыс әкімі депутаттар алдында есеп берді

Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов облыстық мәслихат депутаттары алдында есеп берді. Өңірде атқарылған шаруа шаш етектен. Ең алдымен бюджеттің ұлғайғанын айтуымыз қажет. Былтыр қазынадағы қаржы 370 млрд теңгені құраса, биыл 435 млрд-қа жетіпті. Қомақты қаражат ауқымды жобаларды жүзеге асырға мүмкіндік берді. Мәселен, ауыл шаруашылығында өсім – 109,7, өндірісте – 101,6, құрылыста 103,2 пайызды құраған. 8 айдың ішінде тартылған инвестиция көлемі де өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жоғары. Жалпы көрсеткіштерден кейін өңір жетекшісі әр салаға тоқталып, атқарылған жұмысты және жоспарды баян етті.

Байболат Култанов