Құқық қорғау органдары

Тәртіп сақшыларына арналған квест-тренинг

Полиция департаментінің инспектор-психологтары облыстық және қалалық ведомстволардың жеке құрамдарының қатысуымен квест-тренинг өткізді. Жедел уәкілдер, тергеушілер мен криминалистер, барлығы – 400-ден астам адам апта бойы далада ұйымдастырылған шараларға атсалысты. Мақсат – қызметкерлерді экстремалды жағдайда әрекет етуге үйрету, топпен жұмыс істеу және психологиялық төзімділікті арттыру.

ЗАРИНА ЕЛУБАЕВА, қалалық ПБ ЖПҚБ бөлімінің аға инспекторы:

– Тренинг жақсы өтіп жатыр. Бұндай тренингтер көп болса деген ойдамыз. Барлығы атсалысып, ұжымда бірігіп жұмыс істеуді пысықтап жатыр.

СӘУЛЕ АНДАҒҰЛОВА, СҚО ПД бастығының орынбасары:
– Аталған іс-шаралардың басты мақсаты – тек қана штаттан тыс жағдайларда шешім қабылдау, әр түрлі іс-әрекеттер жасау ғана емес, бір ұжым болып бірге жұмыс істеуге үйрету.

Самал Жунусова