ҚоғамӘр түрлі

Шалақындық кәсіпкер жұмысшыларына үй салып беріп жатыр

Шал ақын ауданындағы «Городецкое» серіктестігінде 60-тан астам адам жұмыс істейді. Олардың 15-сі – жас маман. Дегенмен, әлі де кадр қажет. Осы ретте серіктестік басшылығы жас мамандарды ауылға тартып, тұрақтап қалуына септесу үшін баспана салып беріп жатыр. Қазіргі уақытта Городецкое ауылында жұмысшыларға арналып 5 үй тұрғызылып жатыр екен. Келесі жылы тағы сонша нысан бой көтереді. Баспана еңбеккерлерге тегін беріледі, ал 10 жылдан кейін қоныстанған жандар үйді өз меншігіне өткізе алады. Айта кетейік, үйлер 50/50 бағдарламасы аясында салынып жатыр.

АҚЖОЛ ЖАҢАБЕРГЕНОВ, Городецкое ауылдық округі әкімдігінің маманы, Шал ақын ауданы:
– 2021 жылы үйдің фундаменті құйыла басталған. Қазіргі уақытта құрылыс жалғасуда. Жақын арада аяқталады деп күтілуде. Негізі, 5 үй субсидия бойынша 50/50 бағдарламасы аясында салынып жатыр. Жалпы құны 55 млн-ға жуық. Эксплуатация аяқталғаннан кейін нақты сомасы шығатын болады.01,10 Үйдің іші дайын болады, яғни жөндеуді қажет етпейді.

Самал Жунусова