Құрылыс

Пресновкадағы өзгерістер

Биыл Пресновкадағы Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі күрделі жөндеуден өтті. Жаңарту жұмыстарына ұлттық қордан 29 млн теңгеден, жергілікті бюджеттен 24 млн теңгеден астам қаражат жұмсалған. Нәтижесінде 4 ай ішінде нысанның шатыры ауыстырылып, сырты қалыпқа келтірілді. Жылыту жүйесі жаңаланыпты, кабинеттер де толықтай өзгертілген.

АЙНАГҮЛ САРЫМСАҚОВА, Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры:
– Жөндеуге қатысқан «СпектрСтройСевер» серіктестігі. Санузел қосылды. Электроотопление орнатылып, батарея ауыстырылды. Бұрын кітапхана іші салқын болды. Қабырғалар мен еден ескірген еді.

Қызметкерлердің сөзінше, кітапхананың жаңадан демі ашылғандай. Әсіресе, жылыту жүйесінің ауыстырылғаны қатты қуантқан. Мамандар енді алдағы қытымыр қыста жылыда боламыз дейді. Бұл сәйкесінше, оқырман санының артуына септеспек. Қазірдің өзінде кітап оқуға ниетті ұл-қыздардың қатары қалың екен.

ЖАЗИРА ТӨРТБАЕВА, Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі балалар бөлімінің қызметкері:
– Бізге әртүрлі жастағы балалар келеді, көбінесе орта буындағы оқушылар. Жаздыгүні балалар шетелдік жазушылардың, әсіресе Гарри Поттерді оқуға құмар. Ал қазір мектеп бағдарламасы бойынша сабаққа керекті туындыларды оқып жүр.

Пресновкадағы мектеп оқушылары мұндағы іс-шаралардың бірінен қалмай, белсене қатысады екен. Солардың ішінде Әрсен Арындосұлы да бар.

ӘРСЕН АРЫНДОСҰЛЫ, оқушы, Жамбыл ауданы:
– Кітап оқығанды жақсы көремін. Мен Абай жолы романын, Гарри Поттер жайлы шығармаларды оқыдым. Маған Мұхтар Әуезов, Сафуан Шаймерденовтің шығармаларын оқыған ұнайды.

Айта кетсек, жаңарған кітапханада мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жағдай жасалып отыр. Енді баспалдақтан автоматтандырылған қондырғы арқылы көтеріліп-түсуге болады. Жалпы, Пресновка ауылында тұрғындарды мазалаған біраз мәселе шешімін тауып келеді. Соңғы жылдары елді мекенде 15 шақырым жолға асфальт жабыны төселген.

ЮЛИЯ ШИХОВА, Преснов ауылдық округінің әкімі, Жамбыл ауданы:
– Қазір Кәкенов көшесінде 1900 шаршы метр аумаққа асфальт жабыны ауыстырылып, қиыршық тас төгілуде. Шайкин көшесінде де жол жаңартылды. Тағы қоса кетсем, биыл ағайынның бір өтініші орындалды. 5 млн теңгеге жаңа балалар ойың алаңқайы орнатылды. Бұрын бізде орталық жақта жалғыз алаң бар еді. Шетте тұратындар оған ұл-қыздарын апара алмайтын.

Енді аумағы 532 шаршы метрлік алаңда осы маңда тұратын 6 жасқа дейінгі 138 бала ойнай алады. Округ әкімінің айтуынша, кешке бұл жерде ине шаншарлық орын болмайды екен. Біз ерте түсіргендіктен, кішкентай бүлдіршіндерді көре алмадық.

Алтынай Казиканова