Балалар

Әскерге шақырту науқаны жүріп жатыр

Қыркүйектің 1-ші жұлдызында күзгі әскерге шақырту науқаны басталды. Бүгінгі күнге дейін дәстүрлі шара барысында 40 солтүстікқазақстандық Отан алдындағы борышын өтеуге жіберіліпті. Ендігі жоспар – 560 жалынды жасты жыл соңына дейін әскерге жөнелту.

АЗАМАТ АЙДАБУЛОВ, СҚО қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы:
– Жыл сайын әскерге баруға ниет білдіретін жастардың қарасы қалыңдап келеді. Олар өздігінен аудандық, қалалық және облыстық шақырту пункттеріне келуде. Яғни, жастар азаматтық парызды орындаудың жауапкершілігін жақсы сезінеді.

Әскер жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Былай деуге толық негіз бар. Жақында ғана Қорғаныс және Білім министрліктерінің өкілдері тың жобаны таныстырды. Мамандар әскери қызмет атқарған азаматтарды еліміздің жоғары оқу орындарына түсіру жайында келісім жасасты.

АЗАМАТ АЙДАБУЛОВ, СҚО қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы:
– Жоба жастарды ынталандыруға бағытталған. Отан алдындағы борышын өтегеннен кейін сарбаздар оқу орындарына ҰБТ тапсырмай түсе береді. Ақылы түрде де, тегін де оқи алады.

Жалпы, қазіргі таңда өңірде 14 шақырту комиссиясы жұмыс істеп тұр. Оның 1-еуі – облыс орталығында, қалғаны – аудандарда.
Биылғы жоспар ауқымды. Көктемгі науқаны барлығы 700 жас әскерге алынды. Енді жыл соңына дейін тепсе темір үзер 600 теріскейлік жігіт Қазақстан қарулы күштері қатарына қосылмақ. Оның 15-і ертең Абай облысындағы шекара қызметіне жіберіледі.

Алдияр Айтпаев