Құқық қорғау органдары

«Жол-көлік оқиғасын тоқтатайық!» акциясы

Солтүстік Қазақстан облысында «Жол-көлік оқиғаларын тоқтатайық!» акциясы аясында профилактикалық рейдтер жүргізілуде.

«Астана-Петропавл» автожолының 454-ші шақырымында солтүстікқазақстандық патрульдік полиция қызметкерлері «Lexus» маркалы көлікті тоқтатты. Темір тұлпардың тізгініндегі 24 жастағы жүргізуші жылдамдықты асырған. Ол 100-бен емес, сағатына 133 километр жылдамдықпен жүйткіпті. Жол ережесін бұзған тұлға айыппұл арқалады.

Осындай құқық бұзушылық үшін 31 жастағы «Mercedes» көлігінің жүргізушісі де әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қос факті де профилактикалық рейдтің небәрі 1 сағаты ішінде Астраханка ауылының маңындағы республикалық маңызы бар трассада тіркелді. Полицейлер қала сыртындағы жол-көлік оқиғаларының үштен бірі осы жылдамдықты асырғаннан орын алатынын айтады.

ДАНИЯР СӘРСЕКЕЕВ, СҚО ПД патрульдік полиция батальонының аға инспекторы:
– Акция кезінде облыс жолдарында полицияның жасақтары күшейтілді. Қызметкерлер жылдамдық режимін асыру, басып озу, маневр жасау ережелерінің және басқа да бұзушылықтардың алдын алуға ерекше мән береді. 00:20-00:32 00158.MTS Құрметті жүргізушілер, жол үстіндегі тәртіпті сақтаңыздар! Өзіңіздің және айналаңыздағы адамдардың қауіпсіздігі – сіздердің жолдағы тәртіптеріңізге байланысты.

Өңірімізде «Жол-көлік оқиғасын тоқтатайық!» акциясы осыдан 8 күн бұрын бастау алды. Осы уақыт ішінде облыс жолдарында 2600-ден астам бұзушылық тіркеліпті. Масаң күйде рөлге отырған 38 жүргізуші ұсталған. Іс-шара қыркүйектің 24-і күні аяқталмақ.

Байболат Култанов