БілімМәдениет

Тілдер апталығы аяқталды

Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжінде тілдер апталығының жабылу салтанаты өтті. Қыркүйектің бесінен бері оқу орнында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың 150, белгілі драматург Мұхтар Әуезовтың 125 жылдық мерейтойларына арналып бірқатар шара ұйымдастырылған. Студенттер жалпықазақстандық диктант жазуға қатысыпты. Оқытушылардың сөзінше, қыз-жігіттердің қазақ тіліне деген қызығушылықтары артып келеді.

АЛМАТ МАКИШЕВ, Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжінің оқытушысы:
– Бұл мерекенің біз үшін маңызы зор. Елімізде 130-дан астам ұлт өкілі тұрып жатыр. Жалпы, тіл – бірнеше ұлт өкілдерінің қарым-қатынас құралы. Бүгін колледж шаңырағында арнайы концерт ұйымдастырылып отыр.

Колледж студенті Елизавета Бородавкина мемлекеттік тілде сөйлеп үйренгісі келеді.
Қазақ тілінде біраз сөз біледі. Апталық кезінде барлық шараларға белсене қатысқан.

ЕЛИЗАВЕТА БОРОДАВКИНА, Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті:
– Апталық бойы колледж қабырғасында түрлі қызықты шаралар ұйымдастырылды. Студенттер барларын салып дайындалып, өз өнерлерін көрсетті. Осы уақыт ішінде қазақ тілін оқып-білуге деген құштарлығым одан сайын арта түсті.

Сондай-ақ, бүгін білім ордасында оқытушылар мен студенттер ағаш көшеттерін отырғызды. Саябақ мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына арналып құрылуда.

Алтынай Казиканова