Құқық қорғау органдары

Алаяқтар қулықтың тағы бір түрін ойлап тапты

Алаяқтар қулықтың тағы бір түрін ойлап тапты. Баукеспелер кезекті пасық әрекеттерін де әлеуметтік желі арқылы іске асыруда. Бұл жолы олар ірі банктердің танымал мобильді қосымшаларын пайдаланып жатыр. Азаматтарға ғаламтор арқылы салық пен коммуналдық қызметтер бойынша төлем ұсынған. Ал төлемді аударған жандардың қаражаттары киберқылмыскерлердің қалтасына түсіп отырған. Полицейлердің айтуынша қулықтың бұл түрін ажырату қиын емес. Келген хабарламаның сол жағында қаржы ұйымының логотипі болмай, оның орнына адамның аты немесе тегі жазылып тұрса, демек бұл – алаяқтық.

Алдияр Айтпаев