СпортӘр түрлі

“Отан-2022” әскери спорттық жарысы өтті

«Отан 2022». Облыс орталығында осындай атаумен студенттер арасында әскери спорттық жарыс өтті. Қатысушылар бақ сынамас бұрын сап түзеді. Барлығы – 3 команда. Бір команданың өзіне 10-ға жуық жас бар. Олардың әрқайсысы уақытқа автоматты бұзып, қайта жинаудан жарысты.

ДАРХАН ТЕМІРТАС, “Мodern Qazaqstan” ҚБ төрағасы:
– Іс-шараның мақсаты – әскери патротизм мен спорт бағыттарын дамыту. Бұл жарыс 3 бағытта өткізіледі.

Мейрам Исенов – Қозыбаев университетінің студенті. Мұндай жарысқа бірінші рет қатысып жатыр. Автоматты бұзып-жинау сырттай оңай боп көрінгенімен шын мәнісінде қиын екен дейді. Келесі сында қатысушылар нысана көздеуден сайысты.

МЕЙРАМ ИСЕНОВ, жарысқа қатысушы:
– Жарысқа қатысу себебім, мамандығым осы сайысқа байланысты. 00:45 Автоматпен ату қиын болды. Алыстан дәлдеу қиынырақ. 10 метрден аттық.

Бұл жарысқа дене шынықтыру пәні мұғалімі мамандығына оқып жүрген студенттер қатысып жатыр. Барлығы – 40-қа жуық жас. Жарыс соңында қатысушыларға сертификат пен бағалы сыйлық табыс етілді.

Гульден Симбаева