БалаларӘр түрлі

Күзгі әскерге шақыру басталды

Елімізде қыркүйектің 1-інен бастап әскерге шақыру науқаны басталды. Биыл жыл соңына дейін өңірден 600-ге тарта азаматты әскер қатарына қосу жоспарланып отыр. Отан алдындағы борышын өтейтін жігіттерге бірнеше талап қойылған. Соның ішінде ҚР Мемлекеттік күзет қызметі Айрықша мақсаттағы күштері қатарына қабылдануды қалайтын үміткерлерге бірнеше талап қойылып отыр. Ең біріншіден, сарбаздардың жасы 18 бен 27 жас аралығында болуы қажет. Сондай-ақ, жастардың бойлары да есепке алынады.

Гульден Симбаева