5 күнде 27 мас жүргізуші ұсталды

Құқық қорғау органдары

22:07 19 Қыркүйек 2022

«Жол-көлік оқиғасын тоқтатайық». Осындай атаумен демалыс күндері полиция қызметкерлері профилактикалық рейд өткізді. Шара қыркүйектің 14-інен бастау алды. Облыс жолдарында өткізілетін онкүндік іс-шараның мақсаты – жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзушылықтарының алдын алу.

Түнде автопатрульдердің жұмысы қыза түседі. Себебі, тұрғындардың масаң күйдегі ұрыс-керістері, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер тарапынан жасалатын бұзушылықтар көбіне осы уақытта орын алады екен. Жедел-алдын алу шарасы аясында 5 күнде жолда жүру ережесінің бұзылуына қатысты 1700-ге жуық факті анықталды.
Соның ішінде рөлге мас күйінде отырғандар мен көлікті куәліксіз жүргізгендер аз емес.

БАЯН БАЙҒАСКИНА, СҚО ПД ЖПҚБ аға инспекторы:
– Көлік құралын мас күйінде жүргізгені үшін 27 жүргізуші және басқару құқығынан айырылған 11 жүргізуші анықталды. Сонымен қатар, жолаушылар мен жүктерді заңсыз тасымалдағаны үшін 2 факті анықталды. Осы іс-шаралар аясында рейдтік іс-шаралар тәуліктің күндіз уақытында ғана емес, түнгі уақытында да жүргізіледі. Онда апатқа тікелей әсер ететін ережелер бұзғандар анықталады.

Облыс жолдарында жыл басынан бері 200-ге жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 25 адам қаза тауып, 287 адам жарақат алды.

Гульден Симбаева

Бұдан әрі оқыңыз

Қала тұрғыны алаяққа айласын асырғызбады
СҚО-да Ресейде тіркелген 6 мыңнан астам автокөлік жүр
Полицейлер жаңа туған баласын тастап кеткен келіншекті тауып алды
Полиция қызметкерлері бағалы шаянды заңсыз аулаудың жолын кесті
18,5 млн теңгенің заңсыз алкоголь өнімі тәркіленді
«Жол-көлік оқиғасын тоқтатайық!» акциясы
Балалар кинологтардың жұмысымен танысты
Шал ақын ауданының тұрғыны 1 млн теңге ақшасынан айырылып қала жаздады
Бірыңғай есеп күні
СҚО-да қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген 37 адам табылды
Тәртіп сақшыларына арналған квест-тренинг
СҚО-да діни заттар сатумен айналысқан интернет-дүкен анықталды