Ауыл шаруашылығы

“Сервис-ЖАРС” серіктестігі «CLAAS Group» компаниясының техникаларын қолдануда

Қызылжар ауданындағы «Сервис-ЖАРС» серіктестігі «CLAAS Group» компаниясының тегеурінді техникаларын 2014-жылдан бері қолданып келеді. Алғашында 2 бірлігін сатып алыпты. Неміс комбайндары астықты тез сеуіп, мол өнім алуға мүмкіндік беруімен бірден таң қалдырған. Қазір заман игіліктері қырманда егін жинау үстінде. Серіктестік биыл көктемде «ҚазАгроҚаржы» ұйымы арқылы тағы 2 техникамен толыққан.

ҒАББАС ЖАНТАЕВ, «Сервис-ЖАРС» ЖШС директоры, Қызылжар ауданы:
– «CLAAS Group» компаниясының техникаларының өнімділігі жоғары екені айтпаса да түсінікті. 2014-те сатып алғандардың күшіне қарап осы жылы тағы екеуін алдық. «ҚазАгроҚаржы» ұйымының ұсынған шарттары көңілден шықты, онсыз өз күшімізбен ала алмас та едік. Өйткені, сапасына қарай бір комбайнның бағасы шамамен 250 млн теңгені құрайды.

Заманауи комбайндардың күшімен «Сервис-ЖАРС» серіктестігінің ісі одан сайын алға басқан. Айта кетсек, ағымдағы жылы 7 мың гектар егістік алқабының 50 пайызына бидай себілген, оның басым бөлігі шабылып, қамбаға құйылды. Енді 1500 гектар жердің өнімі бастырылмақ.

ҒАББАС ЖАНТАЕВ, «Сервис-ЖАРС» ЖШС директоры, Қызылжар ауданы:
– 1000 га рапс, осынша зығыр септік. Бұршақ, жасымық 500 га-тардан ектік, оның барлығы алынды. Өнімділігі былтырғыға қарағанда жақсы деп ойлаймын. Гектарына 30 центнерден келіп тұр. Бұршақты 22 центнер, жасымықты гектарына 16-дан алдық.

Қызылжар ауданындағы диқандар орақ науқанын 2 аптада аяқтауды ниеттеніп отыр.

Алтынай Казиканова