Әр түрлі

Облыста Сафуан Шаймерденовтың 100 жылдығы аталып өтілуде

Солтүстіктің маңдайына біткен перзенті! Облыста Сафуан Шаймерденовтың 100 жылдығы аталып өтілуде. Айтулы датаға орай бүгін ұлы тұлғаның атындағы қалалық классикалық гимназияда іс-шара өтті. Драматургтың ескерткішінің алдына гүл шоқтары қойылды. Көркемсөз шебері 1922 жылы Жамбыл ауданындағы Амангелді ауылында дүниеге келген. Саналы ғұмырында жерлесіміз тілшілік қызмет атқарған. “Әдебиет және өнер” журналының редакциясында жұмыс істеген. “Қазақ әдебиеті” басылымында да редактор болып, кейіннен Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы қызметіне тағайындалыпты. Оның шығармаларын өзге елдің қаламгерлері аударып, пьесалар бойынша спектакльдер сахналанған.

Гульден Симбаева