Спорт

Төтенше жағдай қызметкерлерінің арасында чемпионат өтуде

Петропавлда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша облыстық чемпионат бастау алды. Сайыс екі күнге созылмақ. Жарысқа облысымыздың түкпір-түкпірінен 18 команда қатысып жатыр. 90-нан астам адам бақ сынауда. Чемпионат қалалық №3 өрт сөндіру бөлімшесінің аумағында өтуде. Бұл дода – төтенше жағдайлар қызметіндегі мамандардың шымырлығын, кәсіби шеберлігін одан әрі дамытуға септеседі. Сондай-ақ, өрт сөндіруші мамандығының мәртебесін арттырып, саламатты өмір салтын насихаттау.

ӘДІЛ СПАИН, өрт сөндіру қызметінің күш пен құралдарды жедел басқару орталығы бастығының орынбасары:
– Алдымен қатысушылар өздері күнделікті жұмыста қолданатын биік сатыны бағындырады. Кейін кедергіге толы 100 метрлік жолақтан өтеді. Өрт сөндіру эстафетасы мен жауынгерлік қанат жаю секілді сайыстар да қарастырылған.

Жарыс өрт сөндіру-құтқару спортының 4 түрі бойынша өтеді. Сала өкілдері чемпионаттарға бұған дейін де қатысқан.

ЖАНГЕЛДІ ЖҰМАТАЙ, №2 МӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы:
– Бұл жарыстар облыстық құрамаға жарыскерлерді жинау мақсатында ұйымдастырылған. Облыс чемпионатында орын алған қатысушылар. Сборный командаға шақырылады.

Жеңістің биік тұғырынан көрінген команда республикалық чемпионатқа жолдама алады. Жалпы, балық қатысушылар жарыс соңында бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Гульден Симбаева