Білім

Университет ұжымы Президент Жолдауын талқылады

Бүгін Қозыбаев университетінде “Аманат” партиясының өкілдері жиын өткізді. Іс-шара барысында Мемлекет басшысының Жолдауы талқыланды. Отырысқа оқытушылар мен жоғары курс студенттері қатысты. Көпшілік арасында Диас Қабеш есімді жас та бар. Болашақ қаржы саласының маманы гранттардың бірыңғай тестілеу нәтижесіне мен өзге де көрсеткіштерге байланысты әр түрлі деңгейде бөлу бастамасына қатысты өз ойын білдірді.

ДИАС ҚАБЕШ, студент:
– Кейбір мамандықта грант саны аз болады. Студент жоғары бал алатын болса, ол сол балына сәйкес 30 пайыз жеңілдікпен оқуы мүмкін. Толық оқымаса да 30 пайыздың 100 пайызының аралығында оқуы мүмкін. Болашақта бұл оқушылардың өмірінде үлкен өзгерістер әкеледі деп ойлаймын
.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударылады. Қаржы әр бала 18 жасқа толғанға дейін аударылып тұрады, оны мерзімінен бұрын шешіп алуға болмайды. Жинақталған қаражат балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалады. Бұл қолдау өскелең ұрпақтың үлкен өмірге қадам басуына мүмкіндік береді. Жоба 2024 жылдың 1-ші қаңтарынан жүзеге асырыла бастайды. Сонымен қатар, Жолдауда іскер азаматтарды қолдау туралы айтылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев – Қазақстан Республикасының Президенті:
– Мемлекет қаржылай қолдау жасаған кезде бәсекеге қабілетті шағын және орта бизнес өкілдеріне аса мән береді. Еңбекақы төлеу қорын көбейткен және салық төлемдерін арттырған орындарға қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар, мемлекеттен көмек алатын бизнес өкілдерін анықтайтын автоматты жүйе енгізіледі
.

Ал “AMANAT” партиясы “Болашақ” филиалының атқарушы хатшысы Александр Зель қандай кәсіппен айналыссаң да оны сапалы жүргізу маңызды деп санайды. Жастар нақты бір мамандықтың қыр-сырын жетік білуге ұмтылғаны жөн. Өз саласының маманына әрдайым сұраныс болады дейді.

АЛЕКСАНДР ЗЕЛЬ – “AMANAT” партиясы “Болашақ” филиалының атқарушы хатшысы:
– Егер ел жаңаша жұмыс істей бастаса, онда бұл процестерді жаңа адамдар басқаруы керек. Президенттің айтуынша бізге үлкен тәжірибесі бар азаматтар қажет
.

Гүлжан Жақаева Қозыбаев университетінде 15 жыл жұмыс істеп келеді. Білікті ұстаз “Жолдау – айқын іс-қимыл жоспары. Онда көрсетілген тапсырмаларды дұрыс орындай білу керек”,- дейді.

ГҮЛЖАН ЖАҚАЕВА – Қозыбаев университеті құқық пәндері кафедрасының оқытушысы:

Президентіміздің Жолдауы университет құрамының арасында талқылануда. Мысалы, халқымыздың әл-ауқатын көтеру туралы айтылды. Декретте отырған аналарға осыған дейін бір жыл жәрдемақы төленетін болса, алдымыздағы жылдан бастап бір жарым жылға дейін ұзартылды.

Сондай-ақ, 2023 жылдан бастап, Отбасының цифрлық картасы және Әлеуметтік әмиян сияқты тәсілдерді енгізу жоспарланып отыр.

Гульден Симбаева