Құқық қорғау органдары

«STOP трафик» шарасы

Адам саудасының құрбаны болмаудың жолы қандай? Полиция қызметкерлері осы тақырып төңірегінде жастарға арнап түсіндіру шарасын ұйымдастырды. Дәріс сабағы «STOP трафик» акциясы аясында өтті. Тәртіп сақшыларының жұмысіздеуші жандарға айтары бар. Жұмыс тапқан жағдайда екінші тараптың тиісті құжат рәсімдеуіне көңіл бөлу қажет. Әйтпеген жағдайда адам еңбегі заңсыз пайдаланылуы мүмкін. Осы ретте мамандар облыс аумағында бірқатар нысанда болып, тексеру жұмыстарын жүргізген.

Гульден Симбаева