Құқық қорғау органдары

СҚО-да жыл басынан бері 25 адам жол-көлік апатында қаза тапты

– Начинается ОПМ «Стоп-ДТП!». Вы все прекрасно знаете, что состояние резины очень сильно влияет на безопасность дорожного движения. 

Облыс жолдарында жыл басынан бері 200-ге жуық жол-көлік апаты болған. Нақтырақ айтқанда 193 жағдай. Салдарынан 25 адам қаза тауып, 287-сі жарақат алды. Мамандардың айтуынша жолда келеңсіз жағдайдың туындауына көп жағдайда жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің тәртіпсіздігі себеп болады. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында тәртіп сақшылары қазіргі уақытта “Стоп ДТП” шарасын өткізіп жатыр.

Баян Байғаскина – СҚО ПД ЖПҚБ аға инспекторы:

– “Аталған іс-шараның өткізілуі барысында полиция жасақтары күшейтілетін болады. Жол қозғалысының қатысушыларына жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажет, жылдамдықты асырмау, қауіпсіз маневр жасау, жаяу жүргіншілер өтпесіне жақындар алдында адамдардың бар-жоғына қарамастан олардың шығып қалуына дайын болып, жылдамдықты асырмай өтулерін сұраймыз”. 

Биыл облыс аумағында жолда жүру ережелерін бұзудың 46 мыңнан астам жайты тіркелген. Көлікті мас күйде басқарған 700-ден астам адам ұсталып, 200-ден астам адам көлік жүргізу құқығынан айырылған.

Данаш Хамзина