Құқық қорғау органдары

СҚО-да Ресейде тіркелген 6 мыңнан астам автокөлік жүр

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, өңірде қазіргі уақытта Ресейде тіркелген 6 мыңнан астам автокөлік бар. Осы жылдың тамыз айына дейін жол жүрісі қағидаларының бұзушылықтарын анықтайтын автоматтандырылған тіркеу құрылғылары арқылы түрлі шетелдік көлік жүргізушілеріне қатысты мыңнан астам хаттама толтырылған. Салынған айыппұлдың жалпы көлемі 7 млн 300 мың теңгеден асады. Мамандандырылған айыппұл тұрағына Ресей есебінде тұрған 241 автокөлік қойылған.

Гульден Симбаева