Құқық қорғау органдары

Мотокультиваторды көлік құралы ретінде пайдалану жиілеп кеткен

Тәртіп сақшыларының айтуынша өңірде мотокультиваторды көлік ретінде пайдалану жағдайлары жиілеп кеткен. Онымен тіпті трассаға шығып, мас күйінде басқаратындар да бар. Аталған техника түрі негізі жер жыртуға арналған. Оны жүк тасымалдауда немесе көлік ретінде пайдалану жол қозғалысына кедергі әрі қауіп төндіреді деп отыр мамандар. Бір Мамлют ауданының өзінде күз келгелі 12 мотокультиватор иесіне қатысты хаттама толтырылған.

Гульден Симбаева