Konstitutsia banner mobile

Ауыл шаруашылығы

Орақ науқаны қарқын алды

Аққайыңдар өлкесінде орақ науқаны қарқын алды. Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы өкілдері ұсынған дерекке сүйенсек, солтүстікқазақстандық диқандар қазір қолайлы ауа райын пайдаланып, күн-түн демей еңбек етіп жатыр. Бүгінгі күнге 2,1 млн гектардағы дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналыпты. Бұл көрсеткіш аталған өнімдерге бөлінген жалпы жердің 69 пайызына жуықтайды. Орташа шығымдылық 12,7 центнерді құрайды. Ал майлы дақылдарға қарастырылған аумақтың 17,1 пайызында маңызды жұмыс тәмамдалған. Мұндағы берекелік – 7 центнер. Қамбағы енді құйылған астыққа әлі баға бекітілмепті. Мамандардың сөзінше, тауардың биылғы құны қыркүйектің 15-інен кейін жария етілмек.

Байболат Култанов