Konstitutsia banner mobile

Құқық қорғау органдары

18,5 млн теңгенің заңсыз алкоголь өнімі тәркіленді

Оңай олжа опық жегізеді! Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Петропавл және Көкшетау қалаларында рұқсат құжаттары жоқ алкоголь өнімін заңсыз тасымалдау мен сақтау әрекеттерінің жолын кесті. Тәркіленген сұйықтықтың жалпы көлемі – 9,5 тонна. Ал нарықтағы құны 18,5 млн теңгені құрап отыр. Сонымен қатар, оқиға орындарынан пластик ыдыс, спирт және сумен араластырылатын алкогольдік өнім алынған.

Гульден Симбаева