Әр түрлі

Жергілікті әскери басқару органдарының қызметкерлері марапатталды

Бүгін жергілікті әскери басқару органдарының күні. Бұған дейін бұл мереке ресми түрде аталып өтілмеген. Қорғаныс министрлігінің бұйрығымен атаулы күн биылдан бастап аталып өтіледі. Ағымдағы жылы бұл дата қыркүйектің 12-сіне түсіп отыр.

ЕРЖАН ХАМИТОВ – СҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары:
– Бүгінгі кеште бұрындары қызмет атқарған біздің ардагерлеріміз және жергілікті әскери басқару органдарында қызмет атқарған басшыларымыз марапатталады.

Мерекелік шарада жұмыста жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген және адал еңбектері үшін бірқатар азамат марапатталды. Соның бірі – жұмылдыруды жоспарлау бөлімінің бастығы Бекболат Еспағамбетов. Азамат облыс әкімінің Құрмет грамотасына ие болды.

БЕКБОЛАТ ЕСПАҒАМБЕТОВ – СҚО қорғаныс жөніндегі департаментінің бөлім бастығы
– 2001 жылы заңгер қызметіне тағайындалдым. 3 жыл бойы сол салада қызмет еттім. Әскери қызметке шақыру, кадр бойынша жұмыс жасадым.

Бүгінгі жиында оннан астам адам түрлі дәрежедегі марапатқа ие болды.
Соның ішінде 2 азаматқа «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының үздігі» төсбелгісі берілді. Шара соңы концертке ұласты.

Алдияр Айтпаев