Құқық қорғау органдары

Қала сыртында екі жеңіл көлік соқтығысып қалды

“Жылы арна” тұсындағы жолда егде жастағы ер адамдар басқарған екі көлік соқтығысып қалды. Оқиға түске жақын болған. Audi 80 автомобилінің рөлінде – Жамбыл ауданының тұрғыны отырған, ал Tоyota Hilux surf автокөлігін петропавлдық жүргізген. Соқтығысудың салдарынан екінші машинаның иесі рөлге ие бола алмай аударылып қалады. Абырой болғанда бұл оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша ҚР ӘҚБтК-інің 610-бабы бойынша материал жиналып, мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберілді. Айта кетейік, биыл облыс аумағында 190-нан астам жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 25 адам қаза тауып, 290-ға жуық адам түрлі дене жарақатын алған.

Гульден Симбаева