Әр түрлі

“Халық заңгері” акциясы өтеді

«Халық заңгері». Осындай атаумен Петропавлда қыркүйектің 16-шы жұлдызында республикалық акция өтеді. Заңгерлер, адвокаттар мен мемлекеттік орган өкілдері – шамамен 20 білікті маман тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, заң тұрғысынан көмек көрсетеді. Бұндай шара жылына бір рет өткізіледі. 2016 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан акция барысында 100-ге жуық солтүстікқазақстандық кеңес алған.

ЖАН АЙТМАҒАНБЕТОВ, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаментінің бас маманы:
– Ниет білдіруші облыс тұрғындарын 16-шы қыркүйек 16:00-де «Dostyq mall» сауда орталығына шақырамыз. Акция барысында түрлі салалардың мамандары қатысатын болады. Оның ішінде азаматтар тұрғын үй саласы, жер мәселелері бойынша өздерінің өзекті сұрақтарымен жүгіне алады. Егер шешімін табатын мәселелер болса, сол жерде жедел түрде шешіледі. Ал толық зерттеуді қажет етсе, көмекке жүгінген адамның аты-жөні жазылып, мәселе толық шешілетін болады.

Самал Жунусова