Қоғам

11 қыркүйек күні 6 ауылдық округ әкімі сайланды

Өңірде 11 қыркүйек күні 6 ауылдық округ әкімі сайланды. Саяси шара азаматтардың өкілеттіліктерінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты өткізілді. Барлығы – 25 кандидат. Оның 21-і – басшылық қызметке тағайындалуға өздігінен ниет білдіргендер. Қалғаны – “AMANAT” және “Ақ жол” партиясының мүшелері. Сайлау қорытындысы бойынша жауапты қызметке 1 мемлекеттік қызметші, 2 бюджеттік және 3 коммерциялық құрылым өкілдері тағайындалыпты. Айта кету қажет, маңызды шара барысында өңірде 16 пункт жұмыс істеген. Науқанға қатысуы тиіс тұрғындардың 79,57%-ы учаскеге келіп, өз дауысын берген.


Алдияр Айтпаев