Ауыл шаруашылығы

Өңірге «CLAAS» ЖӘНЕ «HORSCH» компанияларының басшылары келеді

Облыс әкімі жұмыс сапарымен Айыртау ауданында болды. Құмар Ақсақалов «Баянтай» серіктестігінің егістік алқаптарына барып, күзгі орақтың барысын байқады. Агроқұрылым түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірумен айналысады. Бидай, арпа, зығыр, бұршақ пен сұлы егілген аумақ 9 мың 700 гектарды құрайды. Агрономдардың айтуынша алтын дәннің орташа өнімділігі гектарына 24 центнерден, ал арпаның шығымдылығы 237 центнерден айналуда. Серіктестік Саумалкөл, Воскресеновка және Лавровка елді мекендерінің жерлерін де игеріп отыр. Осы ретте мамандар жауын-шашын көлемін, топырақтың ылғалдылығы мен булану деңгейін анықтайтын заманауи метеостанцияны қолданады. Егін орағына 30-ға жуық техника тартылған. Соның ішінде «CLAAS» пен «HORSCH» компанияларының техникасы да бар. Өңір жетекшісі аталған брендтің техникалары тегеурінді және көпфункциялы екендігін атап өтті. Қыркүйектің 14-інде өңірге қос компания басшыларының келетіндігі белгілі болды.
Кездесу барысында фермерлердің қосалқы бөлшектермен қамтылуы, техниканың жаңа желісі жайлы және әріптестікті дамыту мәселелері талқыланады.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– “Бізге қыркүйектің 14-інде «CLAAS» пен «HORSCH» компанияларының басшылары келеді. Алдағы әріптестік жайын талқылаймыз. Өткен жылы техниканың 90 данасы жиналса, биыл 300 техника құрастырылды. Келешекте бұл көрсеткіш одан әрі арта түседі деген сенімдемін”.

Гульден Симбаева