Қоғам

Облыстық мәслихатта Президент Жолдауы талқыланды

Зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру, отбасыларды қолдау шараларын күшейту мен Мемлекет басшысы Жолдауының басқа да аспектілері. Облыстық мәслихатта өткен отырыста азаматтарды әлеуметтік тұрғыда және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері талқыланды.

ГҮЛБАҚЫТ МАНАБАЕВА, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары:

– Мемлекет басшысы жүктеген бірінші тапсырма – 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап отбасының цифрлық картасын жасау. Жуырда жобаның пилоттық режимі енгізілді. Бұл ақпараттық жүйе азаматтарға проактивті форматта көмек көрсетуді қарастырады.

Отбасының цифрлық картасы азаматтардың әл-ауқаты туралы білуге, сонымен қатар, оларға қажетті мемлекеттік қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін ақпаратты қамтиды. Басқаша айтқанда, мемлекет осы жүйе арқылы мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алуды өзі ұсынады. Қазірдің өзінде цифрлық картада 6 млн-нан астам отбасы туралы дерек бар. Ал облыс бойынша 16 мың азамат қамтылған.

ЕСКЕНДІР ЕЛЕУСІЗОВ, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
– Бүгінгі жиынға ардагерлер кеңесінің активистері жиналып отыр. Бұлар президиум мүшелері, тұрақты комиссия мүшелері, жалпы актив жиналды десем болады. 03,22 Президент Жолдауын талдап отырмыз. Соның өзіміз түсінбеген жерлерін Еңбек департаментінің мамандарын арнайы шақыртып, түсініктеме алып жатырмыз. Біз халықпен жұмыс істегеннен кейін соларға біз өзіміз түсіндіре білу керекпіз.

Жаплы, жиынға облыстық ардагерлер кеңесінің 30-ға жуық мүшесі қатысты.

Самал Жунусова