Құқық қорғау органдары

Екі жасөспірім спирттік ішімдік ішкен

“Абайлаңыз, балалар!”. Полиция қызметкерлері осындай атаумен жедел-алдын алу шарасын өткізіп жатыр. Тәртіп сақшылары рейд барысында тіркеген заңбұзушылық фактілер аз емес. Қос жасөспірімнің ішімдік ішкені анықталды. Түн ортасында көшеде қыдырып жүрген бір топ бала ұсталды. Олардың әке-шешелері ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің тиісті баптарына сай жауапкершілікке тартылды. Жалпы, барлығы қыркүйектің басынан бері кәмелет жасына толмағандардың тыйым салынған уақытта жүруіне қатысты 13 факті анықталды. Ал жыл басынан бері балаларды назардан тыс қалдырған 750-ден астам заңды өкіл жауапкершілікке тартылған. Соның 50-і жасөспірімнің ішімдік ішкені үшін айыпты деп танылды.

Гульден Симбаева