Білім

Ауыл тұрғындарының Жолдау жайлы пікірлері

Күлпаш Қапарова – Асаново ауылының тұрғыны. 25 жыл бойы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берген. Қазіргі уақытта құрметті еңбек демалысында. Ардагер ұстаз мемлекет басшысының Жолдауы жайлы өзінің пікірін білдірді. Стратегиялық құжаттың мазмұны көңілінен шыққан екен. Азаматшалардың зейнетке шығу жасын 61 деп белгілеуі мен ең төменгі жалақы деңгейінің 70 мың теңгеге дейін көтерілетіні құптарлық жайт дейді.

КҮЛПАШ ҚАПАРОВА, Асаново ауылының тұрғыны, Қызылжар ауданы:
–  Жалақыны 70 мыңға көтереміз деді. Бұл жақсы жаңалық. Тек енді азық-түліктің бағасын көтермесе екен.

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында өскелең ұрпаққа да көңіл бөлінген. Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың арнаулы жинақтауыш есепшотына аударылады.

Гульден Симбаева