Денсаулық сақтау

Солтүстікқазақстандық дәрігерлер 3 жасар қызды өлімнен арашалап қалды

Тамыз айының басында Есіл ауданында жантүршігерлік оқиға болды. Түнде аудандық ауруханаға аса ауыр жағдайдағы кішкентай қыз жеткізіледі. 3 жасар бүлдіршінге шөп шабатын триммер тиіп кеткен. Құрылғы қыздың 8 жастағы ағасының қолында болған. Ол қарындасын байқамай қалған.

НҰРЛАН АЙМАНОВ, облыстық көпбейінді балалар ауруханасының директоры:
– 8 жасар бала ұстаған шөп шабуға арналған аппарат қыздың ішіне тиген. Бүлдіршіннің ішкі құрылыстары сыртқа шығып кеткен. Олар: ішек, асқазан және бауыр. Явленка аудандық ауруханасына түскен кезде қыздың жағдайы ауыр болды.

Нұрлан Аймановтың айтуынша, явленкалық дәрігерлер дұрыс шешім қабылдап, баланың өмірін құтқарып қалды. Кейін көпбейінді облыстық балалар ауруханасының мамандары Есіл ауданына барып, кішкентай Снежанаға 6 сағат бойы ота жасады.

ОЛЕГ НОВИЦКИЙ, облыстық көпбейінді балалар ауруханасының жоғары санатты хирург-дәрігері:
– Біз мұқият, асықпай баланың ішкі құрылысын жинауға тырыстық. Бауырдың бір бөлігі іш қуысына түсіп кеткен. Қалай болғанда да мамандар бірлесіп барлық органдардың тұтастығын қалпына келтіре алдық. Шынымды айтсам, бұндай оқиғаға мен бірінші рет тап болып отырмын.

Қазір қыз көпбейінді облыстық балалар ауруханасында жатыр. Кішкентай Снежана – дәрігерлердің жіті бақылауында. Жағдайы ауыр.

Виктория ФИШЕР, қыздың анасы:
– “Просто секунду не доглядеть и все. Это просто случайность, что к такому привело. Сейчас сыночку тоже тяжело, он очень переживает.00:19 Я очень прошу, мамочки, папочки, смотрите за своими детками. Я очень благодарна врачам, которые помогли моей доченьке более-менее восстановиться. Я верю, моя доченька очень сильная, она справится”.

Айта кетейік, бүгін республикалық санавиацияның көмегімен бүлдіршін Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық ғылыми ана мен бала денсаулығы орталығына жеткізіледі. Дәрігерлер балаға қосымша операциялар қажет болуы мүмкін дейді.

Самал Жунусова