Құқық қорғау органдары

СҚО-да қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген 37 адам табылды

Іздеуде жүрген 23 жастағы петропавлдық Көкшетау қаласында ұсталды. 2 баланың анасы ұрлық жасап, 1 жарым жылға бас бостандығы шектелген. Жас келіншек балаларын әкелеріне тастап, түрлі қаланы аралаумен пробациялық бақылаудан жалтарып жүріпті. Енді ол осы әрекеті үшін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Жалпы, жыл басынан бері облыста қылмысқа барған 65 адамға іздеу жарияланыпты.
Оның 31-і тізімге биыл қосылған. Іздеу шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары 37 адамның тұрғылықты жерін анықтады.