Әр түрлі

Мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталуға жақын

Мүлік салығын төлеу мерзімі 2 аптадан кейін, яғни қазанның 1-інде аяқталады. Осы ретте қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының мамандарының тұрғындарға айтары бар.

ЖАННА ТАСТЕНОВА, Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы:
– Салық бойынша толық ақпарат облыстық мемлекеттік кірістер басқармасының сайтында көрсетілген немесе e-Salyq Azamat пен екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшасы арқылы білуге болады. Онда өсімпұл және салынатын салықтың толық сомасы жайлы ақпарат бар.

Петропавлда 84 мыңнан астам салық төлеуші бар болса, мүлік салығын соның 23 мыңы төлемепті. Жалпы сома 40 млн теңгені құрайды. Дегенмен, уақыт әлі бар дейді басқарма өкілдері. Ал уақытылы төлемеген жағдайда 1,25 пайыз мөлшерінде күнделікті өсімпұл қосылып отырады. Осы ретте қала тұрғындарынан салықты қалай төлейтіндерін сұрап көрдік. Дені мобильдік қосымшаны қолданады екен. Айтуларынша, өте ыңғайлы.

– Бізге хабарлама телефонға смс түрінде келеді. Үй салығы бар. Оны телефон арқылы төлейміз. 0,29 Уақытылы, үйдің мөлшері аз ғой, соны бірден төлеп отырамыз.
– Мен бір ай бұрын төлеп қойғам. Мобильдік қосымшаға хабарлама келісімен бірден төлеп отыруға тырысамын.
– Қосымшамен төлеу ыңғайлы. Үйде немесе жұмыста отырып төлей салуға болады.

Самал Жунусова