Әр түрлі

Қалада 2 күн су болмайды

Қала тұрғындарына құлаққағыс! Қыркүйектің 17-18 күндері шаһарда су болмайды. Облыс орталығында желілерді залалсыздандыру мен жуып-шаю жұмыстары жүргізіледі. Әр жылдың күзінде өткізілетін ауқымды шаруаға биыл 250-ге тарта маман жұмылдырылмақ. Айта кетейік, дезинфекциялау кезінде үйге келетін және құдықтардағы тіршілік көзін пайдалануға болмайды.

АРМАН САУТОВ, “Қызылжар су” ЖШС атқарушы директоры:
– Желілерді жуып-шаю – өте маңызды процесс. Тұрғындарға бұдан ешқандай зиян келмейді. Адамдарды 2 күнге жететіндей су дайындауға шақырамыз. Дәстүрлі жұмыс ойдағыдай аяқталған жағдайда қалаға қыркүйектің 18-і күні тіршілік көзі беріледі.

Алдияр Айтпаев