Құқық қорғау органдары

СҚО-да 7 бұзау жолда жазым болды

69 жастағы Петропавл тұрғыны жүк көлігімен түнделетіп келе жатып жолға шығып кеткен 7 бұзауды қағып өткен. Жеті бұзаудың жетеуі де сол жерде мерт болған. Оқиға Аққайың ауданындағы Тоқшын ауылының маңында болды. Төрт түліктің иесі – Қызылжар ауданының тұрғыны. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 408-ші бабы “Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу” бойынша хаттама толтырылды.

Гульден Симбаева