Мәдениет

Петропавлда «Тіл-руханият тірегі» атты республикалық конференция өтті

Ахмет Байтұрсыновтың қазақ руханиятында ойып тұрып орын алатыны айтпаса да түсінікті. Алаш ардақтысы 20-ғасырдың басында тілімізді сақтап қалу үшін жазу реформасын қолға алып, озық әліппе үлгісін жасап шығарды. Сол заманда қазақ қоғамының арасында араб тілі қолданыста болғандықтан, осы тілдің графикасын таңдаған екен.

ДӘУЛЕТКЕРЕЙ ҚҰСАЙЫНОВ, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл – қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының басқарма басшысы
– Сол арқылы қазақтың тілі фольклор тілінен іс жүргізу, ғылымның тіліне айналды. Осы арқылы Ахмет Байтұрсынұлының бүкіл түркі жұрты таниды. Ахмет Байтұрсынов 20-ғасырдың басында пайда болған “Алаш” партиясының рухани дем берушісі, көсемі.

Ұлт ұстазының ұлағатты сөздері мен ережелері бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтқан жоқ.

БОЛАТ ЖЕКСЕНҒАЛИЕВ, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы ұйымдастыру және кадр бөлімінің басшысы:
– Неге біздің қазақ жазуын реформалау бойынша жасаған жұмысымыз сәтсіз болып шықты? Өйткені, жүретін жолымызды анықтаған жоқпыз. Осы 03:06/ Осы жолда Ахаңның ақ жолына оралып, қағидаттарын негіз қылып алып, өзіміздің тілімізге өз заңымен сөйлеуге мүмкіндік берер едік. Бізде екі тілдің заңдылығын әлі қатар келеді. Мысалы, ансамбль деген сөзде жіңішкелік белгінің бар екенін орыс тілінде емес, қазақ тілінде үйретті. 03:36/ Екпінді де қазақ тілінде үйрендік.

Бүгінгі «Тіл-руханият тірегі» конференциясында біртуар тұлғаның жүріп өткен жолы мен ағартушылық қызметі баяндалды. Ахмет Байтұрсыновтың алғашқы ұстаздық қызметі Торғай облысы Ақтюбе уезі Бестамақ болысында басталған.

АЛМАСБЕК ӘБСАДЫҚ, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы:
– Одан кейін Қостанай уезі Аманқарағай болысының Әулиекөл мектебінде жұмыс жасаған. Яғни, кешегі қалың өрт болған жер Аманқарағай болысында халық арасындағы аңыз бойынша Ахмет Байтұрсынұлы Аманқарағай орманының орманшысының қызына үйленген.

Алаш ардақтысының 150 жылдығына арналған конференцияға еліміздің танымал лингвист ғалымдары, тіл жанашырлары жиналып, ана тіліміздегі өзекті проблемаларды да талқылады.

Алтынай Казиканова