Қоғам

Еңбек адамының құқығын қорғайтын тағы бір орталық ашылды

Өңірде “Аманат” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының консалтинг-орталығы ашылды. Ұйым қызметі жалдамалы жұмысшылардың құқығын қорғауға бағытталған. Орталықты аталған азаматтар өз еңбек құқықтары мен әлеуметтік-экономикалық қызығушылықтарын қорғау мақсатында өз қалталарынан қаржыландырып, басқарады. Кәсіподақ өкілдерінің айтуынша ұйым түрлі салада еңбек ететін жұмысшылардың құқықтарын ұжымдық қорғау мақсатында құрылып отыр.

ВИТАЛИЙ ШЕМИНГ, «Аманат» ӘКК СҚОФ төрағасы:
– Біз көрсетілетін қызметтер ауқымын кеңейтуді жөн көрдік. Консалтинг-орталыққа белгілі бір мәселе бойынша ғана емес, заңгер мен психолог мамандардың көмегіне де жүгінуге болады.

Алдияр Айтпаев