Konstitutsia banner mobile

Спорт

«Qyzyljar» ФК сырт алаңда жеңілді

«Qyzyljar» футбол клубы сырт алаңда жеңілді. Бұл жолы жергілікті ұжым жігіттері ақтөбелік аяқдоп шеберлеріне есе жіберді. Қобыланды батыр атындағы стадионда өткен матч 1 де 0 есебімен аяқталды. Теріскейліктерге ұпай еншілеуге тамаша мүмкіндік болған. Алайда, кездесу соңында қарсылас команда ойыншысы «Qyzyljar»-дың қақпасынан саңылау тапты. Кезекті жеңілістен кейін «Qyzyljar» турнирлік кестеде төмен сырғып, қауіпті аймаққа жақындады. Ендігі қарсыластары – шымкенттік “Ordabasy”. Кезекті тур аясындағы ойын қыркүйектің 11-і күні Петропавлда өтеді. Матч 16:00-де басталады.
Гульден Симбаева