Құқық қорғау органдары

Петропавлда үй тонаған 2 жігіт 5 жылға сотталды

Петропавлда үй тонаған көкшетаулық 2 жігіт ұсталды. 25 және 34 жастағы ер адамдар Сәтпаев көшесіндегі баспаналардың бірінен 600 мың теңгені қолды қылған. Екеуі де бұрын бірнеше рет істі болған. Үйге кірмес бұрын пәтерге қоңырау шалып отырған. Есікті ешкім ашпаған жағдайда ішке кірген. Осылай ақша мен алтын бұйымдарды қолды қылған. Полиция қызметкерлерінің бірі күдікті екі жігітті Бөкетов көшесінде байқап қалады. Ұрылар оларды ұстау кезінде қарсылық көрсеткен. Қос баукеспе 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Гульден Симбаева